Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Маңғыстау өнер колледжіне 25 жыл

2018 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Маңғыстау өнер колледжінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті. Шараға Маңғыстау облыстық білім басқармасынан, білім беру мекемелерінен келген қонақтармен қатар, колледждің іргетасын қалаған ардагер ұстаздар, алғаш түлеп ұшқан тұлектер қатысып, өнер колледжіне арнаған жылы лебіздерін білдірді. Шара соңы колледж студенттері мен оқытушылары дайындаған "Өткеннен мұрағат, ұрпаққа ұлағат" атты мерекелік концертке жалғасты. Концертте колледждің студенттік оркестрі, студенттік хоры, камералық ансамбль мен домбырашылар ансамблі, жеке орындаушылар өнер көрсетіп, көрермендерді қазақтың ұлттық өнерімен қатар, классикалық туындыларменсусындатып, тәнті етті. 

Фотосурет