Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Шәкрат Сержан Ысқақұлы

 

Шәкрат Сержан Ысқақұлы

 

1939 жылы Маңғыстау облысы, Ұштаған ауылында дүниеге келген. 1956 жылы орта мектепті аятаған соң Алматы қаласындағы Казақ мемлекеттік университетінің «Журналистика» факультетіне түсіп, 1961 жылы аяқтаған. 1993 жылдан бастап колледждегі «Халық аспаптары» бөлімінде «Маңғыстау саздары» пәнінің оқытушысы. Ол дәріс берген домбырашылар  республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық күй додаларында жүлдегерлер атанды.

 

Еңбектері: «Маңғыстау күйлері» атты күйтабақ, «Ақжарма», «Мұра - домбыра» «Дәулескерлік дәстүр» атты дискілері шықты. «Күте тұрыңыз», «Маңғыстау күлкісі», «Маңғыстау күлкісі - 2», «Езуде күлкі ойнасын» кітаптары жарық көрді.

 

Атақтары: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры, Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Дәулескер күйші және сықақшы, ҚР журналистер одағының мүшесі.

Қазақсатан Республикасының, Қазақстан Конституциясының, Астана, Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының барлық мерейтойлық төс белгілерімен марапатталған.

Фотосурет