Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Сайыс-сабақ

2017 жылдың караша айының 3-ші жұлдызында тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және үш тілдік саясатты дамыту мақсатында колледждің тіл мамандары ұйымдастырған «Қазақ атын танытсын әлемге, үш тұғыр тіл: қазақ, орыс, ағылшын» атты ашық сайыс-сабағы өтті. Тілдер мерекесі апталығын қорытындылаған бұл кеште тіл туралы өлеңдер оқылып, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айтылып, үш тілде жұмбақтар жасырылып, шешілді.  Сайыс эрудициялық сұрақтармен жалғасып, соңында үш елдің (қазақ, орыс, ағылшын) танымы мен салт-дәстүрін дәріптейтін дәстүрлі мерекелерге беріліп, постер қорғалды. Сайыс соңында қатысушы топтардың ұпай сандары есептеліп, қорытынды жасалды, қатысушылар марапатталды.

Фотосурет