Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Конференция

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Рәміздеріне 25 жыл толуына орай, Қазақстанның тәуелсіз жылдар көшінде білім мен ғылым, мәдениет пен өнер салаларында жеткен жетістіктерін дәріптеу мақсатында «Ел ертеңін ойлаған Елбасы»  тақырыбында жас мамандар мен студенттер конференциясы болып өтті. Конференцияда «Домбырамен ән салу» бөлімінің студенті Сәндешова Арайдың «жырау Ұзақбай Қазжанұлы өмірі мен шығармашылығы» және «Халық аспаптары» бөлімінің ІІ курс студенті Нұрлыбаева Шалқының «Қобызшы – Фатима Балғаева» атты баяндамалары  бұрын соңды аттары танылмаған, алі де ғылыми зерттеуді қажет ететін тың тақырыптарды қозғап, өнер саңлақтарын таныстырса, «Ән салу» бөлімінің студенті Мақар Ғанидің «Қпера дүлділі – Ермек Серкебаев», Сәндешова Арайдың «Ахмет Жұбанов», Келдіханова Аяулының «Әнші Әсеттің туғанына 150 жыл», Бекназарова Айгерімнің «Сәттіғұл Жаңғабылұлы» атты баяндамалары қазақ өнер майталмандарының мерейтойлары қарсаңында жасалған танымдық еңбек болды. Сондай-ақ Пердебекова Дидар «Қазақ халық аспаптарының жаңаруы», Сабуров Арманбектің «Маңғыстаудың жеті кереметі», Кошумова Гаухардың «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның мәдени дамуы», Асылбек Ботаның «7 wonders of Kazakhstan» тақырыбындағы баяндамаларынан әрбір студенттің шығармашылық дамуының нәтижелерін көріге болады. Аталмыш конференцияда студенттерге жетекшілік еткен: Көшкінбаева Сауле, Асқамбаев Темірбек, Майлыбаева Нұршат, Оңайбай Салтанат, Исмұхамбетова Жәмилә, Алиева Жансая, Әбілбаев Нұрболат, Қосымқызы Ақмарал, Слан Ғалия, Омарова Айнұр сынды педагогикалық еңбек жолын енді бастап келе жатқан колледжіміздің жас мамандары болатын.  Елбассымыздың «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз боймызда мәңгі қалуға тиіс» дегендей болашағымыз осындай жас мамандардың, жас өрендердің қолында.

Фотосурет