Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Кездесу

     24 сәуір күні Қ. Р. Еңбек сіңірген қайраткері, актриса, әнші Айгүл Иманбаева мен Қ.Р Еңбек сіңірген қайраткері, актер Қуандық Қыстықбаевтың колледж студенттерімен кездесуі болып өтті. Кездесуде актерлардың шығармашылығына байланысты сұрақтармен қатар студенттердің көкейінде жүрген неше түрлі қызықты сұрақтар да қойылды. Өнер туралы, сахна туралы әңгімелер айтылып, өскелең ұрпаққа бата-тілектер, кеңестер айтылды. Актер, актриса ретінде театрдағы алғашқы ойнаған рөлдері жөнінде, жалпы жұмыс барысындағы қызықтар мен қиындықтар жөнінде сыр шертілді. Кино мен театр ұғымының айырмашылығы туралы талқыланды. Қазіргі қазақ өнері мен болашақ қазақ өнері жөнінде талап- тілектер айтылды. Сонымен қатар студенттер әнші Айгүл Иманбаеваның шығармашылығына терең үңіліп, репертуарынан ескі әндерін орындап, сатирик Көпен Әмірбектің сқақтарын оқыды.

Фотосурет