Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Балалар өнер студиясының «Дәстүр ізімен» атты концерті

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні тәуелсіздік күніне орайластырып колледж жанынан құрылған Балалар өнер студиясының «Дәстүр ізімен» атты концерті болып өтті. Концертке кіші және орта топ домбырашылар ансамлі, жетігеншілер ансамблі,  түрлі Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаттары – жас өнерпаздар баян, ксилофон, скрипка, фортепиано аспаптарында өз өнерлерін паш етті. Академиялық ән салу және домбырамен ән салу бөлімінің оқушылары көрермендерді классикалық және ұлттық әндермен сусындатты. Ұйымдастырушы оқытушылар мен жас өнерпаздар концертті  тамашалаған ата-аналардың, ұстаздардың, оқушылардың – барша көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл – өнерге жаны жақын дарынды жеткіншектерге ән-күйімізді бойларына сіңіртіп, аянбай еңбек етіп келе жатырған шебер ұстаздардың жемісі. Осындай өнерпаз шәкірттеріміздің әлі талай үлкен сахналарда өнер көрсететіндеріне сеніміміз мол.

Фотосурет