Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Республикалық домбырашылар байқауы

Сәуір айының 17-19 жұлдыздары өлкемізде Маңғыстау облыстық Білім басқармасы мен Маңғыстау өнер колледжінің ұйымдастыруымен Есір Айшуақұлы атындағы Республикалық домбырашылар байқауы өтті. Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармониясында өткен байқауда 20 астам үміткер бақ сынап, БАС ЖҮЛДЕНІ Маңғыстау өнер колледжінің 4 курс студенті Майлыбай Қайсар қанжығасына байлады.
І орын - Садыбеков Бауыржан Семей қ.
ІІ орын - Қадыр Ерқанат, Атырау қ.; Қажыбек Абдулла, Ақтау қ.; Әшімхан Нұрғали, Қызылорда қ. 
ІІІ орын - Мусаев Бекарыс, Ақтау қ.; Тоқтаров Дастан. Өскемен қ.; Ұлықбеков Арсен, Семей қ.; Көшербай Мұхаммеддин, Қызылорда қ.
Дипломант - Хайрулла Аян, Ақтөбе қ.; Ашықбай Амантай, Ақтөбе қ.; Казмухамбетов, Рудный қ.; Мәулхан Тоғжан, Қарағанды қ.; Касумова Наргиза, Орал қ.; Шишанов Бақытжан, Ақтау қ.

Фотосурет