Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Ж. Қаламбаев 110 жас толуына байланысты қоңыр үні қобыздың-атты концерті.

Қазақ халқының өнерінде аспаптың музыкасының алатын орны ерекше. Әсіресе домбыраға арналған күйлер және өңделген халық әндері саныменде сапасыменде көзге түседі. Қорқыттан кейін мың жылдар бойына үнсіздік болған қыл қобыз үні, тек 19 ғасырда ұлы ықыластың көкірегіне күңірене кең даланы кернеді. Қобыздың қоңыр үні адамзат санасында сақталған. Міне уақыт жылжыған сайын қоғаммен, адамның тұрмыс болмысымен қатар қобызда биік белестерден сыр төкті.

Қазақтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан қасиетті қобыз аспабының ел арасына кең таралуына өлшеусіз үлес қосқан, Қорқыт пен Ықыластың өнеріне ілгері жалғастыруға бүкіл саналы ғұмырын арнаған Жаппас Қаламбаев. 1909 жылы наурыз айында қазіргі оңтүстік Қазақстан обл. Созақ ауданында өмірге келген.

Әкесі Қасымбек  төтеннен кесел жабысып, қамшының сабындай қысқа өмірінің ерте тұйықталатынына көзі жетіп, буыны қатпаған баласы жаппасты шақыртып алып, соңғы аманатын айтады: құлыным, ата-бабаңнан қалған қылқобызды көзіңнің қарашығындай сақта! Бұл қобыз сенің алдағы өміріңе жарқылмас сызық болады,-дейді қамығып. 

1934 жылы Алматыда өтетін халық таланттарының бүкіл қазақстандық слетына қатысуға шақырады. Кейін А. Жұбанов басшылығымен оркестр қыл қобыз тобы ашылып Ж. Қаламбаев жетекшілік етеді. Жеке концертін беріп, оркестрдің көтерілуіне зор еңбек тигізген. 

Фотосурет