Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай "Қанға сіңген қасиет" атты ақындар мүшәйрасы

Бүгін Маңғыстау өнер колледжінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай "Қанға сіңген қасиет" атты ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар 2 тапсырма (1-тапсырма "Ә.Кекілбаевқа арнау"; 2-тапсырма "А.Құнанбаевтың Сегіз аяқ өлең жолдарын жалғастыру") бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жолдас Қуаныш, 1-орынды Теңел Қайырбек («Домбырамен ән салу» бөлімі), 2-орынды Қаржауов Жандарбек («Хор дирижеры» бөлімі), 3-орынды Қыдырбаев Бекнар («Халық аспаптары» бөлімі) иеленді. Өтеулиева Әлия, Таңбай Сая «Домбырамен ән салу» бөлімі, Дәуітова Жаңагүл («Халық аспаптары,қобыз-баян» бөлімі ) және Ержанова Индира («Хор дирижеры» бөлімі) алғыс хатқа ие болды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға диплом және сыйлықтар табыс етілді.

Фотосурет