Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Тарихы

История

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің №135 бұйрығына сәйкес 1993 жылы 1- қыркүйектен  бастап Ақтау қаласында Маңғыстау өнер училищесі ашылды. Маңғыстау өнер училищесін құрып, ашылмай тұрып музыкалық аспаптармен жабдықтап, материалдық базасын нығайтуда еңбек сіңірген ардақты азамат оның тәй басуының басында болған  сол кездегі облыстың мәдениет басқармасының бастығы Төлеуішов Құжырғали болатын.

 

История

 

Сол кездегі мәдениет министрі С.Әшіляев қол қойған №215 бұйрығына сәйкес алғашқы директор болып тағайындалған Аманбек Сүндетов еді. Аманбек Сүндетов бұл оқу орнын орнықтырудың игілікті жемісін көрсетіп, міне 20 жыл бойы колледжді осы күнге дейін абыройлы басқарып келеді. Облыстық білім басқармасының қолдауымен колледждің материалдық-базасы жылдан жылға жақсаруда. Хорға, қобызшы, домбырашылар ансамбліне, оркестрге арнап ұлттық киімдер тіктірілді. Барлық класстарда пианино аспаптары бар. Соңғы екі жылда концерттік екі рояль, көп колледждерде жоқ маримбо және ұрмалы аспаптардың толық жинағы алынды. Осылайша Маңғыстау өнер колледжі қазіргі заман талабына сай жұмыс жасап келеді.

 

История

 

История

 

 

Фотосурет