Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Мадреева Сарқыт Шамшиновна

 

1975 - 1979 жылыдары Қарағанды музыка колледжінде оқып, колледжде домбыра мамандығы бойынша дәріс берді.

 

1980 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясына түсіп, 1985 жылы «Домбыра» мамандығы бойынша профессор К.Сахарбаевадан және «Халық аспаптары оркестрінің дирижері»  мамандығы бойынша Роберт Айдостың класынан бітіріп шықты. Консерваторияда оқып жүріп және бітіргеннен кейін де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт аспаптары оркестрінде жұмыс жасады.   (1983 – 1987жж.)

 

1993 жылдан бері Маңғыстау өнер колледжінде домбыра және дирижерлау мамандықтары бойынша дәріс береді. 2001-2002  жылы директордың мұғалімдік тәжірибе жөніндегі орынбасары, 2002-2003 оқу жылынан  директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 2003 жылы Атырау қаласы Дина Нүрпейсова атындағы музыка колледжінде өткен Мемлекеттік аттестация төрағасының орынбасары. 2003 жылдан бері Мемлекеттік емтихан мүшесі.           

Марапатталуы: Білім және Ғылым министрлігі «Құрмет» грамотасы, халықаралық «Шабыт» фестиваліне лауреат дайындаған үшін грамота, «Маңғыстау облысына 40 жыл» төс белгісімен марапатталған.

Фотосурет