Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Студент ережесі

Студенттік абырой кодексі

 

Маңғыстау өнер колледжінің  студенттерінің абырой кодексі

       Біз, Маңғыстау өнер колледжінің студенттері көпшілік таныған өнегелі құндылықтарға сүйене отырып, Маңғыстау өнер колледжінің мақсатын (борышын) бірінші жоспарға ұсына отырып, іскери және жалпы этиканы сақтау өз міндетіміз деп санаймыз. Осыған орай, жеке және кәсіби деңгейді дамыта отырып, белсенді өмірлік көзқарасын қалыптастыру және білім алу үшін қажетті жағдайлар туғызу мақсатында университеттің өсіп өркендеуіне үлес қоса отырып, Маңғыстау өнер колледжі студенттердің абырой Кодексін қабылдаймыз.

  1. Жалпы ереже

1.1. Осы Кодекс, Маңғыстау өнер колледжі студенттерінің тәртібінің эстетикалық негіздерін анықтайды.

1.2.Маңғыстау өнер колледжі студенттерінің басты борышы болып табылады

- аса қажетті маман болу;

- Республикамыздың мәдени, қоғамдық  өміріне белсенді қатысу.

1.3. Студент колледж мәртебесін сақтауға және көтеруге міндетті.

  1. Колледж студенттерінің этикалық нормалары және тәртіп ережелері

2.1. Өзара сыйластық. Студент профессорлық-оқытушылық құрамға, қызметкерлерге, басқа студенттерге деген өзара әдептілікті және сыйластықты сақтауы тиіс.

2.2. Адалдық. Оқу үрдісінің тәртібін бұлжытпай сақтау. Оқу сабақтарына қатысып, белгіленген мерзімде оқу жоспары мен білім беру бағдарламасында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін орындау міндетті. Студент оқуда жоғары деңгейге жету үшін өз тарапынан барлық жағдайды жасауы тиіс.

2.3. Тәртіптілік. Студент таза киініп, тәртіпті болуға тиіс. Оқу корпустарына сыртқы киіммен кіруге болмайды. Колледж студенттеріне басқаның мүлкін ұрлауға, колледжде мас күйінде жүруге, спирттік ішімдіктерді қолдануға, ғимаратта шылым шегуге тиым салынады. Оқу корпустарында оқу үрдісіне кеселдік келтіретін қатты әңгімелесу, шу және басқа әрекеттерге тиым салынады. Оқу сабақтары арасындағы үзілісте студенттер арнайы бөлінген орындарда ғана (холдарда және т.б.) дем алуы тиіс. Сабақ үстінде, кітапханада ұялы телефонмен сөйлесу, сағыз шайнау, сырлас, қалау сезімдерін көрсету этикалық нормаға сай келмейді.

2.4. Ұқыптылық. Студенттерге сабақ басталғаннан кейін үзіліс болмай, дәрісханаға кіруге тиым салынады. Сабақ уақыты кезінде дәрісханадан кіріп-шығып жүруге жол берілмейді.

2.5. Белсенділік. Студент колледждің оқу, қоғамдық, іс-шараларына белсенді араласуы тиіс.

2.6. Құнттылық. Материалдық мүлікке құнттап және тиянақты қарау: ғимараттағы жиһаздар мен оқу корпусының, жатақханалардың басқа да құралдарын бүлдірмеу, столдарға және басқа орындарға жазбау. Студент колледж қорына ұқыпты қарау тиіс.

2.7. Жауапкершілік. Колледж жарғысына сәйкес студенттердің белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар, белгіленген Кодекстің тәртіп ережесін сақтау үшін жеке жауапкершілік артады.

  1. Студентердің Колледж басшылығы және оқытушылармен ара-қатынасы

3.1. Студент белгіленген тәртіп бойынша оқу және қоғамдық қызмет мәселесі бойынша басшылыққа кіре алады.

3.2. Этика ережесін сақтау, студенттің шынайылығы және әдептілігімен сенімділікке жетеді.

  1. Колледж студенттерінің арасындағы өзара қатынас

4.1. Колледж студенттерінің ара-қатынасы сенім, өзара қатынас, ынтымақтастық, өзара түсінушілік және өзара көмек негізінде құрылады.

4.2. Студент басқа студенттермен қатынаста кішіпейіл және әдепті болуы қажет, студенттердің кәсіби немесе бір-бірімен әңгімелесу барысында басқа студенттердің кәсіби немесе адами қасиеттерін әйгілі түрде сынға алмауы керек.

  1. Қорытынды

5.1 Осы кодекстің ережелерінің қолданылуы мен сақтауы оқу формасына қарамастан Колледж студенттерінің барлығына міндетті. Бұл республикамызда мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне лайықты қатыса алатын кәсіби білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

5.2 Жеке жауапкершілік қағидасына сәйкес Колледж басшылығы осы Кодекстің нормасын бұзған студентке қатысты келесі жазаларды қолдануға құқығы бар:

1) қысқаша ескертпе;

2) ескерту;

3) сөгіс;

4) Колледжден шығару.

 

 

 

Маңғыстау өнер колледжінің

директорының  12 ақпандағы

Бұйрығымен бекітілген.

Фотосурет