Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Ата-аналар комитеті

Бекітемін:

Маңғыстау өнер колледжінің

директоры

                                        __________Манова Ж.У.

«___»__________2016 ж

 

 

 

«Ата-аналар комитетінің»

Е Р Е Ж Е С І

2016-2017 оқу жылы

 

 

1.Жалпы ереже

 

1.1. Ұсынылған Ереже білім беру мекемесіндегі ата-аналар комитетінің өзін-өзі басқару қызметін реттейді.

1.2. Ата-аналар комитеті білім мекемесіндегі студенттердің білім алуы мен тәрбиесін асыру мақсатында құрылады.

1.3Ата-аналар комитеті туралы Ереже колледждің жалпы ата-ана жиналысында қабылданады және білім беру мекемесінің бұйрығымен бекітіледі; аталған Ережеге өзгертулер мен толықтырулар белгіленген тәртіппен енгізіледі.

1.4 Комитет жалпы ата-аналар жиналысына бағынады және есеп береді. Комитет өкілеттілігі 1 жылға белгіленеді.

1.5. Комитет құрамының санын білім беру мекемесі өзі анықтайды.

1.6. Комитет өз жұмысын төмендегідей ұйымдастырады:

-жұмыстың жеке бағытын жүзеге асыру мақсатымен құрылған тұрақты немесе уақытша комиссияның жұмыстарын ұйымдастыратын төрағаны бірінші отырыста сайлайды;

-білім беру мекемесінің алдында қойылатын міндет пен құзіретті есепке ала отырып, оқу жылының жұмыс жоспарын жасайды;

-өзінің құрамының жартысынан көбі қатысқан отырыста қарастырылатын сұрақ бойынша басым дауыспен шешім қабылдайды (отырыс хаттамаланады).

1.7.Комитет шешімі білім беру процесіне қатысу үшін ұсыныс болып табылады.

1.8. Білім беру мекемесі бойынша шығарылатын бұйрықты жүзеге асыратын шешімдер ғана міндетті болып табылады.

 

  1. Комитеттің негізгі міндеттері

 

2.1. Білім беру мекемелерінің басшыларына:

- кәсіптік білім беру жүйесінің қалыптасуына, студенттердің денсаулығын, өмірін сақтауға, жеке тұлғалық қасиеттің қалыптасуына және еркін дамуына жағдай жасау;

- Студенттердің заңды құқығы мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.

2.2.Білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (заңды өкілдермен) олардың құқықтары мен міндеттері туралы, баланың отбасындағы жан-жақты дамуының мағынасын түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

2.3. Отбасы мен білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымы мен отбасының тәрбиелік ықпал етуін нығайту.

2.4. Ата-аналар қоғамын білім беру мекемесінің өміріне, ата-аналар мен қоғам арасындағы педагогикалық насихаттарды белсене ұйымдастыруға қатыстыру.

2.5.Білім беру мекемесінің басшыларына колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектеседі.

 

3.Ата-аналар комитетінің қызметі

 

3.1.Білім беру процесін ұйымдастырудағы оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

3.2. Білім беру басшыларына түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын өткізеді

3.3.колледж ішіндегі іс-шараларды өткізуге көмектеседі.

3.4.Тәрбиеленушілердің ата-аналары мен /заңды өкілдер/ олардың құқығы мен міндеттері бойынша Білім беру мекемесінің басшылығымен бірге студенттердің сапалы тамақтануы мен медициналық қызмет көрсетілуінің ұйымдастырылуын бақылайды.

3.5. Білім беру мекемелерінің басшыларына жалпы ата-аналар жиналысын ұйымдастырып өткізуге көмектеседі.

3.6. Білім беру процесін жүзеге асырудағы қауіпсіздік жағдайларын,санитарлық-гигеналық ережелер мен нормаларды орындауды ұйымдастыруға қатысады.

3.7. Студенттердің отбасындағы тәрбиесіне байланысты ата-аналар үшін жиналыс,баяндама, лекция, әңгіме сағаттарын ұйымдастырып өткізеді.

3.8. Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымымен қарым-қатынас жасайды.

 

4.Ата-аналар комитетінің құқығы:

 

4.1. Басқаруды жетілдіру жөніндегі басшылық пен білім беру мекемелерінің өзін-өзі басқару органдарына ұсыныс енгізуге, олардың қаралуы жөніндегі қорытынды туралы ақпарат алады.

4.2. Балаларды тәрбиелеу мәселелері жөніндегі мекемелер мен ұйымдарға түсіндірме алады.

4.3.  Отбасында балаларын тәрбиелеуден ауытқыған ата-аналарға қоғамдық айыптау шығарады.

4.4. Комитетте белсенді жұмыс атқарғаны үшін тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды өкілдерін) марапаттайды.

4.4. Бекітілген құзіреті шеңберінде жергілікті актілерді әзірлейді және қабылдайды.

4.5. Комитеттің төрағасы педагогикалық кеңестің, Жарғыны, тәртіпті, тәрбиеленушілердің құқықтарын сақтау мәселелері бойынша басқа да өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына (Комитетті бұдан әрі ақпараттандыру арқылы) қатысады.

 

  1. Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі

 

Комитет жауапты:

5.1. Жұмыс жоспарын орындауға.

5.2. Шешімдерді орындайды, ұсыныстарды жүзеге асыруға.

5.3. Білім беру мекемесінің басшылығы, педагогикалық қызметкерлер мен отбасылық және қоғамдық тәрбие мәселеріндегі студенттердің ата-аналары арасында өзара түсіністік пен қарым-қатынасты орнатуға.

5.4. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сапалы шешімдерді қабылдауға.

5.5. Комитеттің жеке мүшелерінің немесе барлық Комитеттің әрекетсіздігіне.

Комитеттің жұмысына ат салыспайтын оның мүшелері төрағаның ұсынымы бойынша сайлаушылармен (жалпы ата-аналар жиналысымен) орнынан алынады.

 

  1. Ата-аналар комитетіндегі іс жүргізу жұмысы

 

6.1. Комитет өз отырыстары мен жалпы ата-аналар жиналысының хаттамаларын Білім беру мекемелерінде іс жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.

6.2. Жоспарлар, жасалынған жұмыс туралы есептер, отырыстардың хаттамалары білім беру мекемелерінің кеңсесінде сақталады. Сақталу мерзімі үш жылдан кем емес.

6.3. Комитеттің іс жүргізу жұмысы төрағаға немесе сайланған хатшыға жүктеледі

Фотосурет