Тілі: Рус   Каз
Instagram Facebook Youtube
Телефоны:
8 (7292) 52-17-40
8 (7292) 52-17-41

ҚР Заңы Құқық бұзушылықтың алдын алу

 

Қазақстан Республикасының Заңы

Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы

      Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың және азаматтардың құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік негіздері мен қағидаттарын айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) құқық бұзушылықтың алдын алу - мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені;
      2) құқықтық тәрбие - азаматтарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға, құқықтық білім алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені;
      3) әлеуметтік бейімдеу - қоғамда қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын адамның бойына белсенді сіңдіру процесі;
      4) әлеуметтік оңалту - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі органдары мен мекемелері жүзеге асыратын, құқыққа қарсы мінез-құлықты адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогтік көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық немесе моральдық жарақатты жеңу процесі;
      5) криминологиялық сараптама - олардың криминогендік жағдайдың жай-күйіне ықтимал әсерін бағалау үшін жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын арнайы зерттеу;
      6) жеке профилактикалық жұмыс - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің әлеуметтік қауіпті жағдайдағы адамдарды уақтылы анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылық жасауын ескерту жөніндегі қызметі;
      7) құқық бұзушылық - ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жауапкершілік көзделетін, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін адамның құқыққа қарсы, кінәлі әрекеті не болмаса әрекетсіздігі;
      8) қоғамға қарсы іс-әрекеттер - белгіленген әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық ережелерін бұзатын, адамның психикасына және/немесе денсаулығына теріс ықпал ететін іс-әрекет: алкогольдік ішімдікті жүйелі түрде пайдалану, есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес тұтыну, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен және жезөкшелікпен айналысу;
      9) заң сыйлаушылық мінез-құлық - заңда белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын адамның саналы жүріс-тұрысы;
      10) профилактикаланатын адам - оған қатысты жеке алдын алу жұмысы жүргізілетін, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектісінің профилактикалық есебінде тұратын жеке адам;
      11) құқықтық тәртіп - заңдылықты сақтау, заңмен кепілдік берілген құқықтарды іске асыру және барлық жеке адамдардың, органдардың және ұйымдардың заңда белгіленген міндеттемелерді орындауы.

       2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың алдын
             алу туралы заңнамасы

      Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, осы Заңға және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

       3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері

  1. Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат орнату, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
          2. Осы Заңның міндеттері:
          1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету;
          2) құқық бұзушылықтың деңгейін азайту;
          3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою;
          4) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
          5) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру;
          6) салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу;
          7) құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету болып табылады.

       4-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу қағидаттары

      Құқық бұзушылықтың алдын алу:
      1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сақтау;
      2) заңдылық;
      3) жариялылық;
      4) құқықтар мен міндеттердің бірлігі;
      5) ізгілік;
      6) ғылыми негізділік;
      7) кешенді тәсілдер және профилактикалық ықпал ету шараларын саралау қағидаттарына негізделеді.

2-тарау. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі

      5-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің
             жүйесі

  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің жүйесін:
          1) мемлекеттік органдар;
          2) жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
          3) мемлекеттік ұйымдар құрайды.
          2. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің субъектілері болып табылатын мемлекеттік органдардың құрылымында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жекелеген функцияларды:
          1) нашақорлықпен, алкоголизммен, уытқұмарлықпен, туберкулездің жұқпалы түрлерімен, АҚТ жұқпасымен ауыратын, психикалық ауытқулардан азап шегетін, аталған аурулардан ерікті емделуден бас тартатын адамдарды мәжбүрлеп емдеуді;
          2) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды (оңалту, әлеуметтік бейімдеу орталықтары және қабылдау-тарату орындары);
          3) алкогольдік ішімдікті теріс пайдаланатын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес пайдалануға жол беретін адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды;
          4) әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауды;
          5) баланың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер құрылады.
          3. Басқа мемлекеттік органдар құқық бұзушылықты алдын алуда әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген құзыреті шегінде қатысады.
          4. Құқық бұзушылықтың алдын алуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес ұйымдары мен азаматтары ерікті негізде қатысады.

       6-бап. Үкіметтің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі
             өкілеттіктері

      Қазақстан Республикасының Үкіметі құқық бұзушылықтың алдын алу саласында:
      1) құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) құқық бұзушылықтың алдын алу саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      3) құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды бекітеді;
      4) құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады және таратады;
      5) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің өзара іс-қимыл жасасуын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

       7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
             өкілеттіктері

  1.    Жергілікті өкілді органдар өз құзыреті шегінде:
          1) құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысатын азаматтар мен ұйымдарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты бағдарламаларды қарайды және бекітеді;
          2) әкімнің ұсынысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекітеді.
          2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
          1) құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі бағыттарын іске асырады;
          2) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
          3) құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар мен ұйымдардың өңірлік есебін жүргізеді, оларды көтермелеудің түрлерін және көтермелеу тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін анықтайды;
          4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз етеді;
          5) құқық бұзушылықтың алдын алу, еңбек нарығын тұрақтандыру, еңбекпен қамтылмаған халықтың кәсіптік бағдарын жетілдіру жөніндегі өңірлік бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
          6) халықты еңбекпен қамтуда көмек көрсетеді;
          7) құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын тиісті мәслихаттарға бекіту үшін ұсынады;
          8) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі мекемелерін құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
          9) алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, туберкулездің жұқпалы түрлерімен ауыратын және психикалық ауытқулардан азап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдейтін мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
          10) құқық бұзушылық санының өсуіне апаратын дағдарыстық демографиялық процестерге қарсы іс-қимыл, жұмыссыздықтың күрт өсуін және халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуін баяулату жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
          11) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       8-бап. Ішкі істер органдары

  1.    Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:
          1) қылмыстық қудалауды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды орындайды;
          2) мыналардың:
          меншікке, қоғамдық тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке, имандылыққа, жол қозғалысы қауіпсіздігіне және басқару тәртібіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды;
          нашақорлықты, алкоголизмді және уытқұмарлықты;
          бұрын сотталған адамдар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жасайтын құқық бұзушылықтарды;
          тұрмыстық зорлық-зомбылықты;
          кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалуды;
          есірткінің, қару-жарақтың, жарылғыш заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды ескерту жөніндегі кешенді бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске асырады;
          3) мүліктік қылмыстардың және азаматтардың жеке қауіпсіздігіне қол сұғушылықтың алдын алуда мемлекеттік емес күзет құрылымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
          4) азаматтарды қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы қауіпсіз мінез-құлықты құқықтық насихаттауға қатысуға тартуды ұйымдастырады;
          5) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқық тәртібінің жай-күйі мен ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы қоғамдық пікірді зерделейді;
          6) денсаулық сақтау, қылмыстық-атқару жүйесі, жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мынадай:
          бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан;
          тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ;
          қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды табады, жеке басын анықтайды және олардың қылмыстар жасауға қатыстылығын тексереді;
          7) тұтқынға aлу түрінде әкімшілік шара қолданылатын адамдарды қабылдауды және ұстауды қамтамасыз етеді;
          8) тиісті құқық қорғау органдарының құзыретіне жатқызылған, оларға белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы ақпараттандырады;
          9) білім беру, денсаулық сақтау органдарымен бірге виктимологиялық алдын алу шараларын әзірлейді және оларды көшелерде, басқа қоғамдық орындарда, білім беру ұйымдарында және ойын-сауық орындарында іске асырады;
          10) жалпы қылмыс саласындағы криминологиялық болжамды және оның негізінде қоғамдық құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жоспарлауды жүзеге асырады;
          11) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.
          2. Мына адамдарға:
          1) алдын алу әңгімесін жүргізгеннен кейін және қоғамға қарсы мінез-құлықты тоқтату туралы ресми ескерту шығарылған соң қоғамға қарсы әрекет жасағандардың;
          2) жеке тұлғаға, қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, имандылыққа және басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықты қасақана қайта (бір жыл ішінде) жасағандардың;
          3) балаларды тәрбиелеу, оқыту және асырау жөніндегі заңмен белгіленген міндеттерін орындамайтын және/немесе кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің;
          4) ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылғандардың;
          5) бұрын сотталған, қылмыстық жазаны өтеу барысында қылмыстық жазаны өтеудің белгіленген тәртібін жүйелі бұзатын адамдардың есебін жүргізеді және оларға қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
          3. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыруда:
          қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған, сондай-ақ шартты түрде немесе үкімді орындау кейінге қалдырылып сотталған адамдарды бақылауда қылмыстық-атқару жүйесі органдарына;
          спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланатын және/немесе дәрігердің тағайындауынсыз есірткі және психотроптық заттарды тұтынатын адамдарды бақылауда - денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетеді.
          4. Тергеу және қарау ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен өтініштердің уақтылы, жан-жақты және объективті қаралуына және шешілуіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады.

       9-бап. Қаржы полициясы органдары

      Қаржы полициясы органдары өз құзыреті шегінде:
      1) экономикалық және қаржы қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы адамдардың құқықтарына, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне қол сұғатын қылмыстарды және өзге де заңсыз қол сұғушылықты ескертуге, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асырады;
      2) мынадай:
      экономикалық және қаржы қызметі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да лауазымдық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес;
      кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды ескерту жөніндегі бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске асырады;
      3) тергеу және қарау қаржы полициясы органдарының құзыретіне жатқызылған дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен өтініштердің уақтылы, жан-жақты және объективті қаралуына және шешілуіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      4) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       10-бап. Қаржы мониторингі және бақылау, салық және
                бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
                түсуін қамтамасыз ету, кеден ісі, мемлекеттік
                мүлік және жекешелендіру саласындағы, дәрменсіз
                борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі уәкілетті
                органдар

      Қаржы мониторингі және бақылау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, кеден ісі, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде:
      1) қаржы полициясы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, салық салу, кеден ісі, мемлекеттік сатып алу, банкроттық, жекешелендіру, заңсыз алынған кірістерді жариялауды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды ескерту саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске асырады;
      2) құқықтық насихаттаудың өткізілуін қамтамасыз етеді;
      3) салық салу және кеден ісі саласында анықтауды және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
      4) кеден органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
      5) қаржы полициясы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, экономикалық қауіпсіздік саласындағы криминологиялық болжау және оның негізінде экономикалық қауіпсіздікке қол сұғатын құқық бұзушылықтарды ескерту жөнінде алдын алу іс-шараларын жоспарлауды жүзеге асырады;
      6) дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен өтініштердің уақтылы, жан-жақты және объективті қаралуына және шешілуіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады.

       11-бап. Әділет органдары

      Әділет органдары өз құзыреті шегінде:
      1) басқару тәртібіне және авторлық құқыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтарды ескертуді жүзеге асырады;
      2) құқықтық жаппай оқыту, қоғамның құқықтық санасын қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
      3) құқық бұзушылықтарға ықпал ететін не болмаса оларды жасау үшін шарттар мен алғы шарттар туындататын нормалардың қабылдануын ескерту мақсатында заң жобаларына және әділет органдарында тіркеуге жататын өзге де нормативтік құқықтық актілерге заңдық, криминологиялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалар жүргізуді ұйымдастырады;
      4) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, миссионерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске асырады;
      5) авторлық құқықтарды қорғау, діни және қоғамдық бірлестіктердің қызметтері саласында құқық бұзушылықтар жасайтын адамдардың есебін жүргізеді және оларға қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      6) қылмыстық жазаларды орындауды, сотталғандардың түзелуін, олардың жаңа қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауын ескертуді қамтамасыз етеді;
      7) сотталғандармен тәрбие жұмысының және құқықтық насихаттың нысандары мен әдістерін айқындайды;
      8) құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, дайындалып жатқан және жасалған қылмыстарды, сондай-ақ жаза өтеу орындарында режим бұзуды анықтау және ескерту жөнінде алдын алу және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
      9) түзеу мекемелерінен тыс жасалған немесе дайындалып жатқан белгілі болған құқық бұзушылық фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлайды;
      10) шартты түрде сотталғандардың және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдардың, үкімді орындау кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталғандардың есебін жүргізеді және оларды профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруды, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуші оңалту орталықтарының қызмет етуін қамтамасыз етеді;
      12) дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен өтініштердің уақтылы, жан-жақты және объективті қаралуына және шешілуіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      13) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       12-бап. Прокуратура органдары

      Прокуратура органдары құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңнаманың біркелкі қолданылуына, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарының уақтылы қалпына келтірілуіне қадағалауды қамтамасыз етеді.

       13-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары

      Ұлттық қауіпсіздік органдары өз құзыреті шегінде:
      1) қылмыстық қудалауды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады, сондай-ақ терроризмді және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қол сұғатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды орындайды;
      2) тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мемлекеттік құпияларды қорғау, өзі және жақын туыстары туралы біле тұра жалған мәліметтер ұсынған адамдардың мемлекеттік қызметке түсуін ескерту жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларын әзірлейді және іске асырады;
      3) мыналарға:
      Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендірілген құралымдардың, басқа мемлекеттердің саяси партияларының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен кәсіподақтардың қаржыландыруына байланысты;
      еліміздің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын құқық бұзушылықтарды ескертуге және жолын кесуге қатысады;
      4) дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен өтініштердің уақтылы, жан-жақты және объективті қаралуына және шешілуіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
      5) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді;
      6) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру, жүзеге асыру және есепке алу тәртібі жеке нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.

       14-бап. Білім беру органдары

      Білім беру органдары өз құзыреті шегінде:
      1) білім алушыларды тәрбиелеуге және дамытуға, олардың өзін-өзі бақылау және мәдени мінез-құлық дағдыларын меңгеруіне бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асырады;
      2) заң сыйлаушылық мінез-құлықты насихаттауға бағытталған оқу және тәрбие процестерінің ажырағысыздығын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
      3) жалпы білім беретін оқу орындарына себепсіз қатыспайтын кәмелетке толмағандарды анықтайды және есеп жүргізеді, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді;
      4) құқықтық білімді арттыруда және тереңдетуде орта және жоғары мектеп арасындағы анық өзара байланыс және сабақтастық негізінде білім алушыларды құқықтық оқытуды және тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;
      5) білім беру ұйымдарында оқитын жастардың арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
      6) құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастарды тәрбиелеу мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
      7) бала құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      8) ішкі істер және денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, меншіктің барлық нысанындағы білім беру ұйымдарында оқитын жастардың арасында құқық бұзушылықтарды, нашақорлықты және алкоголизмді ескерту, анықтау және жолын кесу жөнінде мақсатты алдын алу іс-шараларын өткізеді;
      9) ішкі істер және денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, виктимологиялық алдын алу іс-шараларын әзірлейді және оларды меншіктің барлық нысанындағы білім беру ұйымдарында оқитын жастардың, сондай-ақ қолайсыз отбасылардың арасында іске асырады;
      10) девианттық және аутодеструктивтік мінез-құлықтағы кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер және денсаулық сақтау органдарына есепке тұрғызуға және олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады;
      11) ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, балалардың құқығын қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәмелетке толмағандардың суицидтік тәртібінің алдын алу жөніндегі шараларды қабылдайды, балалар және жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі өлтіру және өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау фактілерінің есебін жүргізеді;
      12) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       15-бап. Денсаулық сақтау органдары

      Денсаулық сақтау органдары өз құзыреті шегінде:
      1) салауатты өмір салтын, медициналық білімді, денсаулыққа кері ықпал ететін факторлардан бас тартуды насихаттайды;
      2) қажет ететін адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық, емдеу-алдын алу көмегін және медициналық оңалтуды көрсетеді;
      3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің субъектілеріне және қатысушыларына консультативтік көмек көрсетеді;
      4) алкоголизмге, есірткі және психотроптық заттарға тәуелді, соз ауруларымен, АҚТ жұқпасымен, ЖҚТБ-мен, психикалық ауытқулармен ауыратын адамдарды анықтауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады;
      5) нашақорлықты, соз ауруларын және АҚТ жұқпасын таратумен байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қабылдайды;
      6) алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдалану, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес тұтынуды ерте анықтау және алдын алу әдістемесін әзірлейді;
      7) ішкі істер және білім беру органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, виктимологиялық алдын алу шараларын әзірлейді және оларды кәмелетке толмағандар, психикалық ауытқулармен зардап шегетін және жезөкшелікпен айналысатын адамдар арасында іске асырады;
      8) мыналардың:
      спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланатын және/немесе дәрігердің тағайындауынсыз есірткі және психотроптық заттарды тұтынатын, сондай-ақ алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын;
      жезекшелікпен айналысатын;
      соз ауруымен, психикалық ауытқулармен және АҚТ жұқпасымен ауыратын адамдардың есебін жүргізеді және оларға қатысты профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
      9) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       16-бап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары өз құзыреті шегінде:
      1) әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері жөніндегі жергілікті атқару органдарын әдістемелік қамтамасыз етеді;
      3) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       17-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары

      Бұқаралық ақпарат құралдары өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін жариялауға қатысады.

       18-бап. Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар

      Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар өз құзыреті шегінде:
      1) қылмыстық іздестіруді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларын орындайды;
      2) мыналар:
      төтенше жағдайларды ескерту және жою, төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде;
      Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды ескерту және жою жөнінде жедел-алдын алу іс-шараларын әзірлейді және іске асырады;
      3) Азаматтық қорғанысты, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы құқықтық насихатты жүзеге асырады;
      4) өрт қауіпсіздігі ережелерін жүйелі түрде бұзатын объектілердің есебін жүргізеді, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін бұзуға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде олардың лауазымды тұлғаларымен алдын алу іс-шараларын жүргізеді;
      5) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       19-бап. Туризм және спорт саласындағы өкілетті орган

      Туризм және спорт саласындағы өкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) дене тәрбиесі және спорт әдістерімен салауатты өмір салты бағдарламаларын іске асыруға қатысады;
      2) әлеуметтік ауыр жағдайдағы адамдарды спорт клубтары мен секциялардағы сабақтарға тарту, спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу арқылы жеке профилактикалық жұмыс істеуге қатысады;
      3) құқықтық насихаттау жүргізуді қамтамасыз етеді.

       20-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің
                 қызметін үйлестіру

  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін үйлестіру құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды уақтылы анықтау, жолын кесу және ескерту бойынша олардың келісілген іс-әрекеттерді әзірлеу және жүзеге асыру арқылы алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырады.
          2. Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалар, астана) әкімдердің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
          3. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұдайы жұмыс істейтін алқалық орган болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
          Ведомствоаралық комиссияның негізгі функциялары:
          1) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін үйлестіру;
          2) мемлекеттік органдар мен алдын алу субъектілерінің жекелеген лауазымды адамдары қабылдайтын алдын алу шараларының тиімділігін бағалау;
          3) құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
          4) құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру барысын қарау;
          5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
          6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық пен қоғамға қайшы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдау;
          7) құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және алдын алу қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды айқындау;
          8) құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындау және Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті атқарушы және өкілдік органдарға жіберу;
          9) құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары туралы құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі органдарының және мекемелерінің басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдау;
          10) мемлекеттік және өзге де ұйымдарға көрсетілген міндеттерін орындамағаны не болмаса тиісті түрде орындамағаны үшін лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
          11) құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
          4. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына орталық атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіреді.
          5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының құрамына алдын алу субъектілері - мемлекеттік органдардың басшылары, тиісті мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
          Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияларының төрағасы және хатшысы тиісті әкімдіктердің аппараттарында штаттық лауазымдар атқарады.
          6. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, ол барлық алдын алу субъе?
Манова Жайнаш Утепкалиевна
Маңғыстау өнер колледжінің директоры
Электронное правительствоМемлекеттік
қызметтер
Биржа трудаЭлектрондық еңбек биржасы 100 шагов100 нақты қадам История КазахстанаҚазақстан тарихы Путь в будущееНұрлы жол
110 Қауырт желі110 Қауырт желі Жас ОтанЖас Отан Стратегия 2050Стратегия 2050 Сайт Президента Қазақстан Республикасы
Президентінің ресми сайты
Сайт Премьер-министраҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрлігі
Ақтау қаласы
әкімінің аппараты
Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының
білім басқармасы
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі