Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ 2019-2020 жж.

         Құжаттарды қабылдау кестесі: дүйсенбі – сенбі күндері сағат 09:00-18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-14:30 аралығына дейін, жексенбі - демалыс. 

 

Оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау төмендегідей мамандықтар бойынша 20 маусымнан бастап 20 шілдеге дейін жүзеге асырылады:

          0404000 Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы;

               оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

040401 3 «Фортепиано»

040402 3 «Ішекті аспаптары»

040402 3 «Үрлемелі және соқпалы аспаптары»

040404 3 «Халық аспаптары»

0405000 Хор дирижеры; оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

040501 3 Оқытушы, хормейстер

0407000 Ән салу (3 жыл 10ай)

040701 3 Академиялық ән салу

040702 3 Домбырамен ұлттық әндерді орындау

0408000 Хореография өнері; оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

040802 3 Би ансамбль әртісі

0412000 Кескіндеу, мүсіндеу және графика; оқу мерзімі: 3 жыл 10  

               ай

041201 3 Художник

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР 

 Оқуға түсушілер білім беру ұйымында оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3x4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді. 

 

Фотосурет