Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Жаңбыршы Айтберген

Жаңбыршы Айтберген

 

1948 жылы Форт-Шевченко қаласында туылған. 1973 жылы Чайковский атындағы училищені аяқтап, Құрманғазы атындғы  Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түскен.1978 жылы профессор Х. Тастановтың класынан бітірген.1993-1996  жылдары Маңғыстау өнер колледжіне «Халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда колледждің ардагер оқытушыларының бірі.

Мәдени мұра бағдарламасымен «Нарату», «Нарату 2» күйлер жинағы, «Адайдың ырғамасы» әндер, жыр –күйлер, «Мен қашанғы жүйрігің», «Мен қашанғы жүйрігің 2» термелер, жырлар, «Қарасай -Қази» жыр  дастан кітаптары шықты.  Мәдениет министрлігінің «Құрмет» грамотасымен облыс әкімінің «Құрмет» грамотасы және «Маңғыстау облысына 40 жыл» төс белгісімен марапатталған.

Фотосурет