Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Түйте Жұмагүл Темірханқызы

 

Түйте Жұмагүл Темірханқызы

 

1994-1998 жылдары «Халық аспаптары» бөлімінде Ізімбергенов Серікқали Абдуллаұлы және Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Айдарбаева Роза Тайманқызының класында домбыра мамандығы бойынша оқыды. Колледж қабырғасында оқып жүріп аймақтық А.Жұбанов атындағы конкурстың лауреаты (ІІІ орын 1996ж), Республикалық жас орындаушылар конкурсының дипломанты (1998ж) атанды.  1998-2002 жылдары Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында ұстаз, профессор  К.Сахарбаеваның класынан дәріс алды. 2002 жылдан бастап Маңғыстау өнер колледжінде ұстаздық қызмет етеді. 2008-2010 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Фотосурет