Тілі: Рус   Каз
Телефоны:
8 (7292 ) 52 17 40
8 (7292 ) 52-17-41

Ұзақбай Ғазиза Күбірбайқызы

 

Ұзақбай Ғазиза Күбірбайқызы

 

1995-1999 жылы Маңғыстау өнер колледжін домбыра мамандығы бойынша ұстаз А.С.Самықовтан бітірген. Колледжде оқып жүген жылдары Республикалық XIX  жас орындаушылар байқауы ( II орын, 1998ж), аймақаралық Қазанғап атындағы байқау ( II орын, 1998ж),  Республикалық «Бұлбұл домбыра» атты Дина Нұрпейісованың  қыз-келіншектер байқауының дипломанты (2000ж). 1999-2003 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты А.Н.Үлкенбаеваның класында оқыған. 2003-2006 жылы консерватория жанындағы ассистент - стажерлықты  А.Н.Үлкенбаеваның класынан бітірді. Әлемдік «Ага - Хан» фонды ұйымдастыруымен  «Ұлы Жібек жолы» атты фестивалі аясында өткен дәстүрлі орындаушылар концерттеріне қатысып,  Европа елдерінде болған. (2002 ж), Юнеско шеңберінде тойланған Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына байланысты Республикалық  «Жебелі жеті күй» атты домбырашылар сайысынан «Бақыт Қарабалина» атындағы жүлде ні иеленген (III орын 2003 ж). 2004 жылдан бері Маңғыстау өнер колледжінде ұзтаздық  қызмет атқарып келеді. Колледж қабырғасында оқыған студенттері облыстық, республикалық байқаулардың лауреаттары. Олар: Д.Жұмағұлова, Қ.Аманжолов, Ж.Жұмабаев.

Фотосурет